RU
146 млн оқырман: Instagram-дағы ең танымал бойжеткен кім?
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

146 млн оқырман: Instagram-дағы ең танымал бойжеткен кім?

Рассказать Вконтакте

Америкалық жас әнші Ариана Гранде Instagram-дағы ең танымал әйел адам атанды. Ол оқырман саны жағынан әйгілі Селена Гоместі қуып жеткен деп хабарлайды life.ru.

Айта кетейік, танымал әнші Селенаның желідегі оқырмандар саны 146 267 801.

Әншіге тиесілі бұл рекордты қыздар арасында Ариана Гранде бұзып отыр.

Жас әншінің Instagram-дағы жазылушылар саны 146 286 173-ға жеткен.

Бұған себеп - осыдан бірнеше күн бұрын Ариананың 55 жыл бойы The Beatles тобына тиесілі болған рекордты қайталай алуы.

Әншінің бірден үш әні Billboard Hot 100 хит-парадындағы алғашқы үш орынға ие болған.

Еске сала кетейік, бұған дейін оқырман саны жағынан Instagram-да бірінші орында тұрған Селена Гоместің рекордын әйгілі футболшы Криштиану Роналду бұзған болатын.

Португалиялық шабуылшының 150 млн оқырманы бар.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel