RU

Ауа райы: Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады

27 ақпан, сәрсенбі күні атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның біршама аймағында құбылмалы күн райы сақталады. Кей жерлерде жауын-шашын жауады. Республиканың оңтүстік-шығысында ғана жауын болмайды. Жекелеген аудандарда тұман, көктайғақ, бұрқасын, екпінді жел күтілуде деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Ауа райы: Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады
Көрнекі фото: sputniknews.kz: UGC

Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қаазақстан облысының Жарма ауданында желдің күші 25 м/с жетеді.

Түнде және таңертең Алматы облысында тұман болады,  Жалаңашкөл ауданында желдің күші 17-22, екпіні 25 м/с артуы ықтимал. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей бөліктерінде бұрқасын болады.

Павлодар облысында желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. 

Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында тұман, көктайғақ болады. Жамбыл облысында желдің күші 15-20 м/с күшейетіні болжанады. Түркістан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман болады.  

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1780826-aua-rajy-bgin-elimizdi-basym-bliginde-zauyn-sasyn-bolady.html