RU
Астанада 13 жасар баланың өліміне жол берген шенеуніктер сөгіспен құтылды

Астанада 13 жасар баланың өліміне жол берген шенеуніктер сөгіспен құтылды

Рассказать Вконтакте

Астанада өз үйінің маңындағы кәріз құдығына құлап, көз жұмған 13 жасар баланың өліміне жол берген шенеуніктерге ауызша ғана ескерту жасалды. Қайғылы жағдай Алматы ауданында жарты жыл өтпей қайталанып жатса да, елорда әкімі Бақыт Сұлтанов жұмысына салғырт қарағандарға қатаң сөгіс жариялаумен шектелді деп хабаралйды КТК арнасы

ввввв

Фотоколлаж: nur.kz (КТК, көрнекі фото)

"Алматы ауданының әкімі Сәрсенбаев Әділбек Зейноллаұлына, Отын энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасарына Алексеев Игорь, «Астана су арнасы» ММ басшы Зенол Қабден Табиғат, «Кәріз» мемлекеттік мекемесінің басшысы Сұлтанбаев пен Алматы ауданы кәріз учаскесінің басшысы Власиенкоға қатаң сөгіс жарияланады", - деді Сұлтанов.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада ұшты-күйлі жоғалған 13 жасар Бақдәулет Өмірханның жансыз денесі үйінен небәрі 150 метр жердегі құдықтан табылған еді.

Сырғанақ тебуге шығып кетіп, қайтып оралмаған 7 сынып оқушысын туыстары, полицейлер мен еріктілер бірнеше күн бойы іздеді.

Дереккөз: КТК арнасы

Сіздің реакцияңыз
2
1
0
3
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel