Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақшаны таптап билеген Қайрат Нұртас пен Ерке Есмахан сынға қалды (видео)

Опубликовано:

Желіде Ерке Есмахан мен Қайрат Нұртастың ламбада билеген видеосы тарап кетті. Алайда туған күн кешінде көңіл көтерген әншілердің бұл қылығы көптің көңілінен шыға қоймаған секілді. Әсіресе желідегілер 30 жасқа толған хитмен әншімен жұлқына билеген Еркені сынап тастады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр
Фото: видеодан кадр: Facebook

Аталмыш бейнежазбада Ерке Есмаханның көйлегін сілкіп тұрып, билеп жүргені көрініс тапты. Әнші Қайрат Нұртастың қуанышында онымен жарыса билеген.

Шоу-бизнес жұлдызының бұл қылығы ғаламтор кеңістігінде қызу талқыланып, теріс пікірлерге ие болды.

Оқырмандар Ерке Есмаханның отбасылы адаммен майыса билегенін құптамай, бұған қатысты өз ойын ашық айтқан.

"Екеуі де мақтаншақ, шошақайлар" , "Осы Есмахан да жатпайды екен" , "Жұлдыз абайлашы, күйеуіңді тартып алмасын" , "Не жүріс мынау, шошаңдап. Тұрмысқа шығу керек бұл қызға, әр еркекпен билей бермей" , "Көрінгенге жабыса кетеді" , - деп жазуда көпшілік.

Оған қоса, желідегілер әншілердің уыстап шашылған ақшаның үстінде билеп жүргенін аңғарып, тағы ашуға булықты.

"Аяқтарының астында ақша ма жатқан? Не деген көргенсіздік", "Халықтың ашуын көтересіңдер өздерің", "Жүрген мақтаншақтар, одан да мұқтаждарға көмектессеңдерші" , - деді олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1780836-aksany-taptap-bilegen-kajrat-nrtas-pen-erke-esmahan-synga-kaldy-video/

pixel