Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Хиджабтағы ханшайым": Мұз айдынында танылған мұсылман қыз кім?

Опубликовано:

Захра Лари
Фото: Twitter

23 жастағы Захра Лари әлемдік мәнерлеп сырғанау саласында өзін шебер спортшы ретінде таныта алды. Бүгінде мұсылман қыз спорт сүйер қауымының арасынан өзіне үлкен қолдау білдіретін жанкүйерлерін де тауып үлгерген. Өз әріптестерінен ерекшеленіп тұратын хиджабтағы мәнерлеп сырғанаушы ару жайлы не білеміз? Оған қатысты тың деректерді назарларыңызға cyclowiki.org сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ ұсынады.

Араб әмірлігінің спортшысы - өз елінің атынан халықаралық жарыстарға шыққан тұңғыш мәнерлеп сырғанаушы қыз.

Захра бұқаралық ақпарат құралдарында "мұз айдынының хиджабтағы ханшайымы" деп аталып, үлкен танымалдылыққа ие болды.

Бойжеткен 1995 жылы үшінші наурыз күні дениеге келген. Әкесі Араб әмірлігінің азаматы болса, анасы АҚШ азаматшасы.

Спортшы қыз 12 жасынан бастап конькимен таныс болыпты. Захраның айтуынша, бастапқыда бұл спорт түрімен шұғылдануға ол анасынан рұқсат сұраған.

Алайда, одан "жоқ, болмайды" деген жауап естіген ару әкесіне жүгінуге бекінеді. Отағасы өз келісімін оңайшылықпен бере салған.

Алайда мәнерлеп сырғанаумен кәсіби түрде шұғылданбақ болғанда жағдай керісінше болыпты.

Бұл жолы әкесі қарсылық танытып, анасы қолдау көрсеткен. Ақыр-соңы әйел адам жолдасын көндірген.

2007 жылы Захра Лари өміріндегі алғашқы спорттық жарыста топ жарған. Ал 2012 жылы Италияда өзінің халықаралық деңгейдегі алғашқы жеңісіне ие болды.

Осылайша, Захра Лари Араб әмірлігінің атынан халықаралық аренада өнер көрсеткен алғашқы спортшы қыз атанды.

Оған қоса, ол мұз айдынына хиджабпен шыққан бірден-бір қыз болған.

БАҚ-та Захра Лари "мұз айдынының хиджабтағы ханшайымы" болып танылып кетті.

Бойжеткеннің өзіне мұндай салыстыру қатты ұнайды екен. Себебі, ол мәнерлеп сырғанауға америкалық "Мұз ханшайымы" атты фильмінен соң қызыға бастаған.

23 жастағы ару Абу-Даби қаласында білім алады.

Захра Лариді ресейлік бұрынғы мәнерлеп сырғанаушы Александра Иевлева жаттықтырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1780838-hidzabtagy-hansajym-mz-ajdynynda-tanylgan-msylman-kyz-kim/

pixel