Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өз туған күнінде анасына торт ұсынған Қайрат Нұртас жұртты сүйсіндірді (видео)

Опубликовано:

25 ақпанда 30 жасқа толған Қайрат Нұртас туған күнін дүркіретіп атап өтті. Шоу-бизнестің қаймақтары жиылған бұл кеште әншіге дәмді торт та ұсынылған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадрлар
Фото: Видеодан кадрлар: Instagram

Әншінің 30 жас мерейтойындағы суреттер мен видеолар әлеуметтік желіге тарап кеткен. Олардың бірі @toiduman_kz парақшасында жарияланыпты.

Бейнежазбада жұбайы Жұлдыз Әбдукәрімовамен бірге торт кескен Қайрат Нұртастың бірден жан-жағына қарап, ата-анасын іздегенін байқауға болады.

Осылайша, әнші анасы Гүлзира Айдарбековаға, ал Жұлдыз қайын атасы Нұртас Айдарбековке торт тіліктерін ұсыныпты.

Бұл бейнежазбаны көрген жұрт әншіге тек қана бақыт тілеген.

"Күшті" "Бақыттысыңдар", "Алла жұптарыңды айырмасын", "Керемет", -деп жазған олар.

Айта кетейік, күні кеше Қайрат Нұртас туған күнін дүркіретіп өткізді. Әншіге екі інісі қымбат көлік сыйға тартты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1780847-z-tugan-kninde-anasyna-tort-syngan-kajrat-nrtas-zrtty-sjsindirdi-video/

pixel