RU
Назарбаев Тараздағы төтенше жағдайды тергеу үшін арнайы комиссия құруды бұйырды

Назарбаев Тараздағы төтенше жағдайды тергеу үшін арнайы комиссия құруды бұйырды

Рассказать Вконтакте

Президенттің тапсырмасы бойынша Тараздағы төтенше жағдайға байланысты арнайы үкіметтік комиссия құрылды. Ол оқиғаға қатысты тергеу жұмыстарын жүргізетін болады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Sputnik Қазақстан

Фото: Sputnik Қазақстан

Елбасының тапсырмасы бойынша құрылған үкіметтік комиссияға премьер-министрдің орынбасары Жеңіс Қасымбек төрағалық етпек.

Комиссия мүшелері Таразға ұшып кетті.

Жарылыс шыққан үйдің тұрғындары жақын маңдағы №47 мектепке орналастырылды. Олардың уақытша тұрақтануына орай ыстық тамақ тасымалданып, қажетті жағдайлар жасалған. Тұрғындармен дәрігерлер мен психологтар жұмыс істеуде.

ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің алдын ала мәліметінше, жарылысқа газ құрылығысын дұрыс пайдаланбау себеп болған.

Жедел штаб құрылып, байланыс линиясы іске қосылды. +7- 7262 - 513575

Айта кетейік, жарылыс бүгін таңертең болған. Төтенше жағдайда әзірге екі адамның қаза тапқаны мен төрт тұрғынның зардап шеккені белгілі.

Премьер-министр Асқар Мамин жедел түрде төтенше жағдай туралы президентке хабарлаған.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel