RU
Айгүл Иманбава отандық танымал әншіден таяқ жегенін мойындады (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Айгүл Иманбава отандық танымал әншіден таяқ жегенін мойындады (видео)

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық эстрада жұлдызы, әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева өз әріптесінен таяқ жегенін айтты. Ол құрбысы Ақботе Керімбекованың бала кезінде қатты бұзық болғанын баяндап берді деп жазады "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ақботаның ұлы Біржанның тойына асыға келген Айгүл Иманбаева құрбысымен өткен қызықты балалық шағын еске алды.

"Біріншіден, Ақбота менің жекжатым. Ақботаның екінші ұлы - менің кіндік балам. Біздің аналарымыз жастық шақтарында сыйласты.

Кішкентайымда Ақботаның үйіне көп қонаққа баратынбыз. Көп таяғын жейтінмін, ол өте бұзық болды. Ақботаны еркелетіп, "Мәтөк"дейтінмін, ол мені "Мәтөк"дейді.

Кейде мынау халықтың арасында, әртістердің арасында "Мәтөк" десең, шошып, таңырқап қарайды. Бала кездегі еркелеткен аты солай қалып қалды",- деді Иманбаева.

Актриса Ақботаның екінші ұлының тойын өткізу өз мойнында екенін де айтып қалды.

"Мен оған Біржан менің балам емес, бірақ Ахан баламның тойын өзім жасаймын деймін. Менің тойым алда деп көкірегімді керіп, тойға еркелеп келдім", -деді ол.

Сіздің реакцияңыз
3
1
1
0
3
16
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel