RU
Тараздағы жарылыстан бір ер адам мен бойжеткен қаза тапты
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Тараздағы жарылыстан бір ер адам мен бойжеткен қаза тапты

Рассказать Вконтакте

Тараздағы жарылыс кезінде екі адам қаза тапты. Жамбыл облысының төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, оқиғада көз жұмғандар ер адам мен бойжеткен болып шыққан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қаза тапқан азамат 40-45 жас, бойжеткен болса 20-25 жас аралығында болған.

Айта кетейік, бүгін, 27 ақпан күні, таңертең Тараздағы тоғызыншы шағын ауданында орналасқан №62 үйде жарылыс болды.

Төтенше жағдай салдарынан алты адам зардап шекті. Олардың төртеуі үйлеріне жіберілген. Екеуі ауруханада жатыр.

Бір адамның жағдайы аса ауыр күйде. Ол 14 жасар бала екені белгілі болды. Қазіргі таңда оған ота жасалынып жатыр.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel