RU
Тараздағы жарылыстан ажал құшқандардың саны үш адамға жетті
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Тараздағы жарылыстан ажал құшқандардың саны үш адамға жетті

Рассказать Вконтакте

Таразда тұрғын үйдегі жарылыстан көз жұмғандардың саны үш адамға жетті. Бұл туралы Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Ақ халаттылардың айтуынша, 27 ақпан күні сағат 06:21-де Жамбыл облыстық жедел жәрдем бекетіне 103 желісі арқылы 9-ықшамаудандағы 61- үйде жарылыс болғаны, оқиға орнында зардап шеккендер бар екені туралы хабарлама келіп түскен.

"Жалпы зардап шеккендер саны 6. Үш адам оқиға орнында көз жұмды", -деді облыстық денсаулық сақтау басқармасында.

Зардап шеккен үш адам қалалық №1, №2 және Жамбыл облыстық балалар ауруханасына жеткізілген.

Онда үш науқасқа аурухананың қабылдау бөлімінде емдеу шаралары жүргізілген. Олар дәрігерлердің қарауында болып, артынша амбулаториялық емдеуге жіберілді.

Ауруханада жатқан науқастар қажетті дәрі-дәрмектермен толық қамтамасыз етілген.

Зардап шеккендерге медициналық және психологиялық көмек көрсету үшін №47 мектепке дәрігерлер мен психологтар шақыртылыпты.

Айта кетейік, Жамбыл облыстық ТЖД 27 ақпан күні таңертең Тараз қаласында тұрғын үйлердің бірінде жарылыс болып, екі адам ажал құшқанын хабарлаған. Оқиғаның алдын ала себебі газ құрылғыларын дұрыс пайдаланбау болуы мүмкін.

Жарылыстан көз жұмған бір ер азамат пен бойжеткен болып шықты.

Қазір дәрігерлер бас жарақатын алған 14 жастағы жасөспірімге ота жасап жатыр.

Нұрсұлтан Назарбаев бұл жағдайға қатысты арнайы тергеу комиссиясын құруды тапсырды.

Ғаламторда желі қолданушылары оқиға орнында түсірілген суреттермен, видеолармен бөлісуде.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
7
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel