RU
Алматыда бюджет қаржысынан төрт млн теңге ұрлаған генерал сотталды
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда бюджет қаржысынан төрт млн теңге ұрлаған генерал сотталды

Рассказать Вконтакте

Алматыда әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің бұрынғы қолбасшысы Серік Ысмайыловқа қатысты сот үкімі шықты. Генерал 4 жылға бас бостандығынан айрылды деп хабарлайды КТК телеарнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр, КТК

Видеодан кадр, КТК

Ол әскери бөлімнің жеке құрамына берілуі тиіс мерекелік сыйақыны жымқырды деген күдікке ілінген. Ысмайылов 4 миллионға жуық теңгені бюжеттен ұрлаған.

Генералдан бөлек сыбайлас болған қызметкерлерге де жаза кесілді. Генералдың қаржы жөніндегі орынбасары 5 жылға, штаб бастығы мен 30131 әскери бөлімнің командирі 4 жылға темір торға тоғытылды.

Күдіктілер үкіммен келіспейтіндерін жеткізген. Олар шағымданатындарын айтыпты.

"Үкім әділетсіз және тым қатал. Ақша мемлекет меншігіне қайтарылды. Міндетті түрде шағымданамыз. Генерал бұл ақшаны әскери бөлімді жөндеуден өткіземін деп алған", - деді адвокаты Владимир Абиев. 

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel