RU
Алматы облысында жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен жігіт өлі күйінде табылды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Алматы облысында жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен жігіт өлі күйінде табылды

Рассказать Вконтакте

Алматы облысында осыдан бірнеше күн бұрын ғана жоғалып кеткен 23 жастағы Уакил Мамедовтің өлі денесі табылды. Жас жігітті өлтіріп кеткені белгілі болды. Оқиғаға қатысы бар деп танылған күдікті анықталып, тұтқынға алынды. Бұл туралы өңірлік полиция депатаменті мәлімдеді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Вакил Мамедов. Фото: отбасылық мұрағаттан

Вакил Мамедов. Фото: отбасылық мұрағаттан

Полицияның мәлімдеуінше, азамат өзі тұрып жатқан ауылдың маңынан табылған. Оның денесінде азаптап өлтірілу белгілері бар болып шықты.

Уакилдің өліміне күдікті тұтқындалды. Ол марқұмның ауылдасы екен.

"Адам өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына тоғытылған. Арнайы сараптамалар тағайындалды. Қылмыстың мән-жайы тергеу барысында анықталмақ" , - деді полиция департаментінің өкілдері.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысында 23 жастағы азаматтың жұмбақ жағдайда жоғалып кеткені жөнінде хабарлаған болатынбыз. Жігіттің туыстары одан екі литр қан аққанын айтқан.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
7
0
0
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel