RU
Мемлекет басшысы: "Нұр отан" саяси күшке айналып, жұмыс істеп жатыр
Жаңалықтар Саясат және экономика

Мемлекет басшысы: "Нұр отан" саяси күшке айналып, жұмыс істеп жатыр

Рассказать Вконтакте

Бүгін Астанада Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен "Нұр Отан" партиясының XVIII съезі өтіп жатыр. Жиынды ашқан мемлекет басшысы партияның құрылу кезеңі жайлы атап өтті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Құрметті съезд делегаттары, қонақтар, партияластар, баршаңызды "Нұр Отан" партиясының 20 жылдық мерейтойымен құттықтаймын!

1999 жылдың 1 наурызы партиямыздың іргететасы қаланды. Сол кезде партия құрылуының басы-қасында жүрген Сергей Терещенко да осында отыр.

20 жыл көп уақыт емес, бірақ біз үшін ғасырмен пара-пар уақыт. Тез арада дұрыс таңдау жасауды талап еткен заман болды. Батыл әрі маңызды реформалар жасау керек болды.

Әйтпесе даму көшінен қалып қоятын едік. Бүгінде партия бірден бір саяси күшке айналып, жұмыс істеп келе жатыр",-деді президент.

Елбасы өз сөзінде барлық партия мүшелеріне алғысын айтты.

"Осыған орай, партияластарыма барлық партия мүшелеріне алғысымды білдіремін",-деді президент.
Тағы да оқыңыздар
Mailfire view pixel