RU
Назарбаев: Бөлінген қаражаттың бәрі көмекке мұқтаж отбасыға жетуі тиіс
Жаңалықтар Қоғам

Назарбаев: Бөлінген қаражаттың бәрі көмекке мұқтаж отбасыға жетуі тиіс

Рассказать Вконтакте

Астанада өтіп жатқан "Нұр Отан" партиясының XVIII съезінде мемлекет басшысы көмекке мұқтаж отбасыларға бөлінетін қаражаттың әр отбасыға жетуін жеке қадағалайтынын мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Мемлекеттің басты міндеті - тұрғындарды жұмыспен қамтып, олардың әл-ауқатын көтеру болып табылады. Сондықтан әр отбасыға бөлінетін қаражатты жіті қадағалауымыз тиіс.

Осы орайда, менің тапсырмаммен партия халықтың көкейінде жүрген мәселелерді анықтау үшін арнайы зерттеу жүргізді.

Олардың ішінде бастылары болып мыналар анықталды: балаларға берілетін жәрдемақы мөлшерін аттыру, көпбалалалы отбасылардың жағдайын жақсарту, баспанамен қамтамасыз ету және тағы сол сияқты.

Сондықтан әлеуметтік саясат келесі үш бағыт бойынша дамуы тиіс:

  • Біріншісі - тұрымысы төмен отбасылардың әлеуметтік жағдайын көтеру;
  • Екіншісі - табысы төмен отбасылардың баспана мәселесін шешу, білім беру денсаулық сақтау саласын дамыту;
  • Үшіншісі өңірлердің кешенді түрде дамыту жұмысын жалғастыру", -деді президент.

Мемлекет басшысы аталған мәселелері шешу мақсатында кешенді жұмыс атқарылуы тиіс екенін атап өтті.

"Осыған орай, биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап жалақысы төмен бюджет қызметкерлерінің еңбекақысы 30 пайызға артады. Сонымен бірге, аудан, облыстарда тұрғындармен жұмыс жасайтын атқарушы органдар қызметкерлерінің еңбекақысын 25 пайызға көтеруді тапсырамын. Осы мақсатта 2019-2021 жылдарға бюджетте қосымша 980 млрд теңге бөлінетін болады", - деді Елбасы.
Тағы да оқыңыздар
Mailfire view pixel