RU
Мырзахметов жарылыстан зардап шеккендерге көмек көрсетуді тапсырды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Мырзахметов жарылыстан зардап шеккендерге көмек көрсетуді тапсырды

Рассказать Вконтакте

Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов шұғыл жиналыс өткізіп, Тараздағы тұрғын үйде болған жарылыс салдарынан зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетуге тапсырма берді деп жазады «КазАқпаратқа» сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Асқар Мырзахметов. Фото: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Асқар Мырзахметов. Фото: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Айта кетейік, жарылыс бүгін таңертең орын алған. Төтенше жағдайда алдымен екі адамның қаза тапқаны мен төрт тұрғынның зардап шеккені белгілі болды.

Артынша қайтыс болғандар саны үш адамға жеткені анықталды.

Жарылысқа газ құрылғысын дұрыс пайдаланбау себеп болған.

Премьер-министр Асқар Мамин жедел түрде төтенше жағдай туралы президентке хабарлады.

Назарбаев бұл төтенше жағдайды тергеу үшін арнайы комиссия құруды бұйырған. Комиссия мүшелері Таразға ұшып кетті.

Оған қоса, оқиғадан бас жарақатын алған 14 жастағы балаға ота жасалып жатқаны хабарланды.

ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің күшімен, оқиға орнына қажетті мөлшерде арнайы техника мен мамандар жұмылдырылды. Үй тұрғындарын эвакуциялау іске асырылды.

Үйінді астынан сегіз адамды алып шыққан. Олардың үшеуі қаза тапқан. Зардап шеккен адамдардың жағдайы тұрақты әрі ауыр деп бағалануда.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
5
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel