RU
Назарбаев Тараздағы жарылыстан қаза тапқандарға көңіл айтты
Жаңалықтар Саясат және экономика

Назарбаев Тараздағы жарылыстан қаза тапқандарға көңіл айтты

Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы бүгін Астанада өтіп жатқан "Нұр Отан" партиясының съезінде Таразда орын алған қайғылы жағдайға қатысты пікір білдірді. Президент жарылыс салдарынан қаза тапқан азаматтардың отбасына көңіл айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Елбасы өз сөзінде тұрғындарды үйде сақ болуға шақырды.

"Бүгін ғана маған Таразда жарылыс болды деген ақпарат келіп түсті. Қаза болған тұрғындардың отбасыларына қайғыра көңіл айтамын. Қазір комиссия құрылды, жарылыстың не себепті болғаны анықталады", - деді президент.

Ол өңірлерде орын алып жатқан оқыс оқиларға әкімдер де жауапты екенін атап өтті.

"Аймақтарды түрлі жағдайлар болып жатады. Соның бәрін премьер қадағалап отыру керек пе? Әкімдердің жауапкершілігі емес пе?

Бізде кей аймақтың жолдары жақсы да, кейбірінікі жаман. Неге? Сол сияқты коммуналдық төлем кешені жұмысы да кей облыста жақсы, кейбірінде жаман.
Осының бәрін әкімдер реттеуі керек. Сол сияқты адамдардың өздері де сақ болуы керек, әр нәрсеге жауапкершілікпен қарау керек", - деді Елбасы.
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel