RU
"Асыра сілтемеу керек": Елбасы жылына бір рет есеп беретін әкімдерге шүйлікті
Жаңалықтар Саясат және экономика

"Асыра сілтемеу керек": Елбасы жылына бір рет есеп беретін әкімдерге шүйлікті

Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы өңір әкімдеріне халыққа жақын болу керектігін қадап айтты. Бүгін Астанада өтіп жатқан "Нұр Отан" партиясының съезінде ол жылына бір-ақ рет есеп беретін әкімдерді сынға алды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Қазір әкімдер жылына бір-ақ рет есеп беруді әдетке айналдырған. Жай әншейін ресми түрде, әйтеуір қажеттілік болған соң есеп береді.

Әкім жылына бір рет емес, жыл бойы әр санаттағы тұрғындарға есеп беруі керек. Ұстаздармен, дәрігерлермен, бәрімен кездесу керек емес пе? Есеп беру үшін бүкіл жылды күтіп жүру керек пе?", - деді приздент.

Мемлекет басшысы елде тұрғындардың әл-ауқатын жақсартатын түрлі бағдарламалар болғанымен, ел оның нәтижесін көрмейтінін айтты.

"Мұндай жағдай болмауы керек. Үкімет пен әр деңгейдегі әкімдер әлеуметтік мәселелерді нақты шешуі тиіс. Асыра сілтемей, тек нәтиже жұмыс істеу керек. Қазақстан үшін әр өңір маңызды",-деді Елбасы.
Тағы да оқыңыздар
Mailfire view pixel