RU
Төрт жыл секс-құлдықта болған қыз 43 мың рет зорланғанын жайып салды
Жаңалықтар Қоғам

Төрт жыл секс-құлдықта болған қыз 43 мың рет зорланғанын жайып салды

Рассказать Вконтакте

12 жасында өмірлік махаббатын кездестіргеніне сенімді болған Карло Хасинто ойламаған жерден жезөкшеге айналған. Сүйіктісіне алданып қалған бойжеткен төрт жыл секс-құлдықта болып, 43 мың 200 рет зорланыпты. Шала таныстықтың зардабын тартқан қыз туралы "Өз ойым" бағдарламасында айтылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр/ "Өз ойым"

Фото: Видеодан кадр/ "Өз ойым"

22 жастағы азаматпен көңіл қосқан Карло сүйіктісі алдап кетеді деп ойламаған. Ал осы уақытқа дейін адам саудасымен, жеңгетайлықпен айналысқан жігіті бойжеткенді Мексиканың Финансинго қаласына алдап әкеліп, ірі ақшаға сатып жіберіпті.

Алғашында ару азаматтарды қабылдаудан бас тартқан. Алайда оны бұл әрекеті үшін темірмен ұрып та жазалаған екен.

Осылайша, Карло күн сайын таңнан күн батқанда дейін 30 еркекті қабылдауға мәжбүр болыпты.

Тіпті, оның қабылдауына полицейлер мен саясаткерлер де келген екен.

Бірнеше жылдан соң Карлоны "Жөзекшелікпен күрес" еріктілер тобы құтқарып алады.

Артынша төрт жыл секс-құлдықта болған жас қыз 43 мың 200 рет зорланғанын мәлімдеген.

Сіздің реакцияңыз
4
15
35
9
0
0
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel