RU
Елбасы: Шөкеев оқуға түскенде бір де бір орысша сөз білмеген
Жаңалықтар Саясат және экономика

Елбасы: Шөкеев оқуға түскенде бір де бір орысша сөз білмеген

Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін "Нұр Отан" партиясының съезінде күні кеше әкім боп тағайындалған Өмірзақ Шөкеев жайлы әзіл айтты. Президент экс-министрдің оқуға түскенде бір де бір орысша сөз білмегенін алға тартты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Президент съезде сөз сөйлеген партия мүшесіне қалжыңдады.

"Ештеңеден қорықпа. Өмірзақ Шөкеев те оқуға түскенде бір де бір орысша сөз білмеген. Ал кейін сол оқу орнын қызылға бітіріп шыққан. Енді міне Түркістан облысын көтергелі жатыр", - деп күлді президент.

Айта кетейік, бүгін Астанада өтіп жатқан "Нұр Отан" партиясының съезінде Нұрсұлтан Назарбаев тұрғындардың әлеуметтік әл-ауқатын арттыратын бірқатар тапсырмалар берді. Жиынға республика бойынша 2000-нан астам партия мүшесі қатысып жатыр.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel