RU

30-ға толған Қайрат Нұртасты достары аспанға лақтырды (видео)

25 ақпан күні 30 жасқа толған Қайрат Нұртас туған күнін дүркіретіп атап өтті. Кешке келген жұлдыздар көңіл көтеріп, халық еркесін жеке мерекесімен құттықтады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Желіде тараған видеолардан шоу-бизнестің қаймақтары жиылған мерейтойдың қызықты өткенін аңғаруға болады.

Солардың бірінде билеп жатқан жігіттер Қайратты аспанға лақтырған. Артынша олар отызды еңсерген халықтың еркесін құшақтап, әзілдесіп кетіпті.

Бұл видеоны көрген желі қолданушылары әншіге өз тілектерін білдіріп, бақыт тілеген.

"Керемет көңіл-күй", "Қайрат бауырымыздың дені сау болсын", "Жарайсың, Қайрош", "Осылай құлап кетсе ше?", "Той жұғысты болсын", -деп жазған олар.

Айта кетейік, 25 ақпан күні 30 жасқа толған Қайрат Нұртас туған күнін дүркіретіп өткізді. Әншінің жеке мерекесіне екі інісі қымбат көлік сыйлады.

Алайда, туған күнінде уыстап ақша шашқан халық еркесі жұртқа жақпай қалды. Ол, тіпті, Ерке Есмаханмен бірге ақшаны таптап билеген.

Жұбайымен бірге мерекелік торт кескен әнші оны бірінші анасына ұсынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1780960-30-ga-tolgan-kajrat-nrtasty-dostary-aspanga-laktyrdy-video.html