Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде газ жарылып, бір үйдің шаңырағы ортасына түсті (фото)

Опубликовано:

Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында газ жарылып, бір отбасы қыс ортасында баспанасыз қалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

фото: NUR.KZ
фото: NUR.KZ: Original

Аудан әкімінің хабарлауынша, жеке үйдегі газдың жарылуы газ плитасына шәйнек қойып кеткеннен кейін орын алған.

"Оқиға 24 ақпан күні кешке болды. Үйдің кіре беріс жері бүлінген. Үйін қайта қалпына келтіруге көмек беріп жатырмыз. Газ плитасына шәйнек қойғаннан кейін шамалы газ шығып кеткен. Бөлмеге газ жиналып қалған. Біздің ауылда газ баллон қолданбайды. Ауданның барлығы табиғи газға қосылып тұр", -деді Әйтеке би ауданының әкімі Мәлімбет Ибрашев.

Сондай-ақ, аудан әкімі баспанасыз қалған отбасыны уақытша тұрғын үймен қамтамасыз еткенін жеткізді.

фото: NUR.KZ
фото: NUR.KZ: Original

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1780965-aktbede-gaz-zarylyp-bir-jdi-sayragy-ortasyna-tsti-foto/

pixel