RU
Бақытжан Сағынтаев "Нұр Отанның" саяси кеңесіне мүше болды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Бақытжан Сағынтаев "Нұр Отанның" саяси кеңесіне мүше болды

Рассказать Вконтакте

"Нұр Отан" партиясының кезекті XVIII съезі  барысында партияның саяси кеңесінің жаңа мүшелері сайланды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бақытжан Сағынтаев. Фото:prodengi.kz

Бақытжан Сағынтаев. Фото:prodengi.kz

Жаңадан сайланған мүшелердің қатарында бұрынғы премьер-министр Бақытжан Сағынтаев, қазіргі үкімет басшысы Асқар Мамин, сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев, мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин бар.

Сондай-ақ Астана әкімі Бақыт Сұлтанов, Алматы әкімі Бауыржан Байбек, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев, Президенті Әкімшілігінің басшысы Әсет Исекешев, үкімет басшысының орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова, Шымкент  қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахимов, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев сынды азаматтар бар.  

Еске сала кетейік, 21-ші ақпанда мемлекет басшысы маңызды мәлімдеме жасап, үкіметтің отставкаға кетуге тиіс екенін айтқан болатын.

Президентің мәлімдемесінен кейін Қазақстан үкіметі отставкға кетіп, премьер-министрдің міндеттерін уақытша атқарушы болып, Асқар Мамин тағайындалды.

Көп ұзамай Асқар Мамин Елбасының жарлығымен Қазақстанның жаңа премьер-министрі атанды.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
7
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel