RU
Назарбаев алдағы президент сайлауы жайлы сөз қозғады
Жаңалықтар Саясат және экономика

Назарбаев алдағы президент сайлауы жайлы сөз қозғады

Рассказать Вконтакте

Бүгін "Нұр Отан" партиясының съезін қорытындылаған мемлекет басшысы "сөзден іске көшетін" уақыт жеткенін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Нұсұлтан Назарбаев. Фото: Ақорда

Нұсұлтан Назарбаев. Фото: Ақорда

"Бүгін депутаттар, партия мүшелері тарапынан қолдау бар екенін көрдік, яғни біз өте үлкен күшпіз. Енді нақты жұмыс істеу керек. Партияның филиалдары әр облыс, әр ауданда бар. Барлық жерде партияның өкілеттігі бар. Міндеттерімізді орындап жүрсек, абыройлы партия боламыз.
Алдымызда келе жатқан сайлаулар бар. Парламент, президент сайлауы бар. Ол кезде халықтың көңілінен шығу үшін партия халықтың сенімінен шығу керек", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ, президент үкіметті не себепті отставкаға жібергенін да айта кетті.

"Мен халықтың мұң-мұқтажын көрдім. Сөйтіп үкіметті өзгерту керек деген шешімге келдім. Қазір үкіметке жаңа адамдар келді – меніңше олар тәжірибелі адамдар, олар экономиканы ілгері дамытады деп сенемін. Ал атқарушы билік енді нақты әрі жауапкершілікпен жұмыс істейтін болады", - деді Назарбаев.
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel