Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назарбаев: Мен халықтың ертең емес, бүгін бақытты болуын қалаймын

Опубликовано:

Бүгін Астанада өткен "Нұр Отан" партиясының XVIII съезінде мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған бірнеше тапсырма берді. Президент Қазақстан халқы "ертең емес, бүгінгі бақытты болса екен" деген тілегін жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: liter.kz
Көрнекі фото: liter.kz: Depositphotos

Мемлекет басшысы өз баяндамасын қорытындылай келе, экономикалық даму халықтың тұрмыстық жағдайының жақсаруымен өлшенетінін атап өтті.

"Нұр Отан "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірге бизнеске мемлекет тарапынан қолдау көрсетуге атсалысуы керек. Сондықтан жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуіміз керек. Бұл ретте жастарға ерекше көңіл бөлуіміз керек.
Партия белсенді азаматтардың басты әлеуметтік баспалдағы, білікті мамандар даярланатын орынға айналуы тиіс. Біз халыққа қашан да жақын болуымыз керек. Қазақстандықтардың әл-ауқаты жақсаруы үшін жұмыс бірлесе жұмыс істеуіміз керек. Біз ол жұмысты атқара алатыныма сенімдімін! Мен халықтың ертең емес, бүгін бақытты болуын қалаймын!", - деді президент.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1781022-nazarbaev-men-halykty-erte-emes-bgin-bakytty-boluyn-kalajmyn/

pixel