Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ауруы асқынған әжейді жедел жәрдем көлігіне трактормен жеткізген (фото)

Опубликовано:

Татарстанда 66 жастағы зейнеткерді жедел жәрдем көлігіне дейін трактордың қар тазалайтын құралына салып жеткізген деп хабарлайды Fishki.net-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

фото: static.life.ru
фото: static.life.ru: Facebook

Апастов ауданының Биябаш ауылында тұратын 66 жастағы зейнеткердің ауруы кенеттен асқынып, жедел жәрдем қызметкерлерін шақырған.

Дәрігерлер қарлы боран салдарынан діттеген жеріне жете алмаған. Оқиға орнына жаяу келген фельдшер тракторшыдан жолды тазалауын өтініп, көмек сұраған.

Ол зейнеткерді трактордың қар тазалайтын құралына салып, жедел жәрдем көлігіне дейін жеткізіп берген.

Фото: static.life.ru
Фото: static.life.ru: Depositphotos

Кейбір ақпарат көздерінде қарияны 50-10 метрден артық сүйремегені жазылған. Бұл амалсыздан жасалған әрекет болған.

Қазір науқас Апастов аудандық аурухананың терапия бөлімінде емделуде. Оның жағдайы тұрақты деп бағаланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1781034-auruy-askyngan-zejdi-zedel-zrdem-kligine-traktormen-zetkizgen-foto/

pixel