RU
Шымкенттік дәрігер күйеуі тастап кеткен үшемнің анасына қаржылай көмек көрсетті (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Шымкенттік дәрігер күйеуі тастап кеткен үшемнің анасына қаржылай көмек көрсетті (фото)

Рассказать Вконтакте

Шымкентті үшемді дүниеге алып келген көпбалалы анаға бас дәрігер көмек көрсетті. Әйелдің үшем босанатынын естіген күйеуі тастап кеткен деп хабарлайды Elitar.kz.

Фозила Досметова. Фото: otyrar.kz

Фозила Досметова. Фото: otyrar.kz

Шымкенттегі медициналық орталықта басшылық қызмет атқаратын Мадина Ермаханбетова жалғызбасты анаға қомақты қаржылай көрсетіп, алты балаға киім-кешек алып берген.

Фозила Досметованың күйеуі үшем жайлы хабарды естіп, төрт ай бұрын әйелінен кетіп қалған.

Үшемнің анасы тағы үш баласымен пәтер жалдап, осы күнге дейін әрең күн көріп келген. Өлместің күйін кешкен жалғызбасты анаға жақында демеушілер көмек көрсетіп, қаланың орталығынан 3 бөлмелі пәтерді жалға алып берді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы Бақтыбай Бейсенбаев көпбалалы ананың жағдайына бей-жай қарамай, көмек көрсетуге жергілікті демеуші азаматтарды жұмылдырған.

Айта кетейік, Фозила Досметованың қазір алты бала-ашағасы бар. Үш баласы мектеп жасында.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
2
10
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel