Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ермахан Ибраимов 10 баласын қалай асырап жүргенін жасырмай айтып берді

Опубликовано:

Он баласы бар Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимов көпбалалы отбасыларға мемлекеттен төленетін жәрдемақыға қатысты пікірін білдірді. Спортшы әр баласына айына 50 мың теңге көлемінде қаражат жұмсалатынын айтты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ермахан Ибраимов. Фото:yvision.kz
Ермахан Ибраимов. Фото:yvision.kz: Instagram

Бұрынғы боксшы әр балаға 20 мың теңге беру керек деп санайды. Сонда ана жұмыс істемей, балаларының тәрбиесімен айналысар еді деген ойда.

Ибраимовтың сөзінше, тәрбиелі ұрпақ мемлекетімізге екі-үш есе пайдасын әкеледі. Сондықтан бұл мәселеге атүсті қарауға болмайды дейді.

Сондай-ақ, көпбалалы әке он баласын асырау үшін бінеше жерде қызмет ететінін де айта кетті.

"Бір баланы асырауға айына 50 мың теңгедей кетіп қалады. Сондықтан жатпай-тұрмай жұмыс істеуге тура келеді. Мен өзім бірнеше жерде қызмет етемін. Университеттерде дәріс оқимын. Ақылы семинарлар өткіземін", - дейді Олимпиада чемпионы.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Елбасы көпбалалы отбасыдағы әр балаға ай сайын 21 мың теңге мөлшеріндегі жәрдемақы тағайындауды тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1781048-ermahan-ibraimov-10-balasyn-kalaj-asyrap-zrgenin-zasyrmaj-ajtyp-berdi/

pixel