RU
"Эйр Астана" Делиден Алматыға жете алмаған жолаушылардың қашан елге оралатынын айтты
Жаңалықтар Қоғам

"Эйр Астана" Делиден Алматыға жете алмаған жолаушылардың қашан елге оралатынын айтты

Рассказать Вконтакте

"Эйр Астана" әуе компаниясы 27 ақпан күні "Дели-Алматы" бағытындағы KC908 ұшағымен Алматыға келуі тиіс ұшақтың жолаушылары ертең 28 ақпан күні елге жеткізілетінін хабарлады. Бұл туралы әуе тасымалының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ жазады.

Фото:pravo.moe

Фото:pravo.moe

Баспасөз қызметенің мәліметінше, жолаушылар Алматыға 28-ші ақпанда 16:50-де қонады деп күтілуде.

Алайда ұшып шығу уақыты әуе билігімен тағы нақтылауы тиіс. Яғни ұшу уақыты Пәкістан әуе жолынан тыс балама қозғалыс бағытының авиациалық өкіметінің растауына тәуелді.

Сондай-ақ ұшақтың Оман королдігіндегі Мускат әуежайында жанармай құйып, содан кейін Алматыға сапарын жалғастыратыны да хабарланды.

Сонымен қатар "Эйр Астананың" байланыс және брондау орталығы жолаушыларды тасымалдаудың барлық жолдарын шұғыл түрде қарастыруда.

Соның ішінде, форс-мажор жағдайларын реттейтін ИАТА ережелеріне сәйкес басқа әуе тасымалдаушылардың көмегімен тасымалдау да қарастырылуда.

Айта кетейік, "Эйр Астана" әуекомпаниясының Алматы-Дели-Алматы бағытындағы 27 және 28 ақпанға жоспарланған рейстерінің, 27 ақпанда Делиден Алматыға ұшатын KC 908 рейсінің кейінге қалдырылуы мүмкін екені хабарланған болатын.

Еске сала кетейік, 27 ақпанда Пәкістан Үндістанның екі әскери ұшағын, ал Үндістан олардың бір ұшағын атып құлатқаны хабарланды.

Осыдан кейін БАҚ Үндістан мен Пәкістан арасында соғыс басталуы мүмкін екенін жазды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel