RU
Қостанайда өрт сөндіру көлігі жол апатына ұшырады
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Қостанайда өрт сөндіру көлігі жол апатына ұшырады

Рассказать Вконтакте

Қостанайда өрт сөндіруші көлік "Нива" маркалы жеңіл көлігімен соқтығысып, үш адам зардап шекті деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Көрнекі фото: spokoino.ru

Көрнекі фото: spokoino.ru

Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы әл-Фараби мен Чехов көшелерінің қиылысында болған.

"Кезекшіліктегі өрт сөндіруші көлік пен "Нива" көлігі соқтығысты. Өрт сөндірушілер Қостанай-2 ауданындағы жеке иеліктегі үйдің өртін сөндіруге кетіп бара жатқан.
Көлік Чехов көшесімен Таран көшесіне қарай жылжып бара жатып, өзге көліктердің өзіне жол бергеніне көз жеткізбестан жолға шығып кеткен.
Сөйтіп, "Нива" маркалы көлігімен соқтығысты",-деп мәлімдеді департамент өкілдері.

Жол апатының салдарынан 3 адам түрлі дене жарақаттарын алып, ауруханаға жатқызылды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel