RU
Қуат Хамитов Мәскеуде кезекті жекпе-жегін өткізеді
Жаңалықтар Спорт

Қуат Хамитов Мәскеуде кезекті жекпе-жегін өткізеді

Рассказать Вконтакте

Аралас жекпе-жек шебері қазақстандық Қуат Хамитовтың келесі жекпе-жегі Мәскеуде өтетін болды деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Фото: sports.kz

Фото: sports.kz

Бұл туралы спортшы Instagram парақшасында жазды.

"70,3 келі салмақта FIGHT NIGHTS GLOBAL чемпионының вакантты белдігі үшін айқас өтеді. Қарсыласым - Нариман Аббасов (23-3)", - деп жазды спортшы.

Отандасымыздың әзірбайжандық спортшыға қарсы жекпе-жегі 26 сәуірде Мәскеуде болмақ.

Айта кетейік, Қуат бір жылдан бері ешкіммен кездескен жоқ. Ол соңғы жекпе-жегін 2017 жылы ирландиялық Питер Куиллимен өткізген еді.

Ол жолы төрешілердің басым даусымен жеңіске жеткен болатын. Бірақ Кулиллидің командасы апелляцияға беріп, тәуелсіз комиссия ұпай санын қайта есептеп, айқасты тең өтті деп өзгерткен.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel