RU
Салмағы 112 келі болған: Руслан Дәленов өзі туралы қызықты деректермен бөлісті
Жаңалықтар Саясат және экономика

Салмағы 112 келі болған: Руслан Дәленов өзі туралы қызықты деректермен бөлісті

Рассказать Вконтакте

Жақында ғана Ұлттық экономика министрі болып тағайындалған Руслан Дәленов БАҚ өкілдерімен тілдесіп, өзі туралы қызықты деректермен бөлісті деп хабарлайды Sputnik Казахстанға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: primeminister.kz

Фото: primeminister.kz

Министр қызметке келген соң ешқандай "құпия жәшік" алмағанын айтты. Сондай-ақ, ол ведомствоның бұрынғы басшысы Тимур Сүлейменовпен бірге кабинетке қалай барғандарын жеткізді.

"Келдік, есікте кесте бар немесе жоқ екенін көрдік. Жоқ болды, оны жыртып тастағаны байқалды.
Ұқыпсыз жыртқандықтан, ізі қалып қалыпты. Мүмкін, ашумен жыртқан шығар (күлді).
Осылайша, біз әзілдесіп кабинетке кірдік те алдағы міндеттерді талқыладық", -деді Дәленов.

Жаңа министр БАҚ өкілдерімен тілдесу ашық түрде өтетінін айтты. Сондай-ақ, ол Facebook желісінде өз парақшасы болмайтынын, себебі әлеуметтік желі көп уақытты алатынын мәлімдеді.

"Twitter желісінде 2014 жылға дейін отырдым. Мен ол желіні Трамптан бұрын қолдандым (күлді)", -деді Дәленов.

Ұлттық экономика министрі 2008 жылы 112 келі болған. Артынша ол қан көрсеткішін дұрыстау үшін тоғыз айда 42 келіге арықтапты.

Дәленов Youtube арқылы пианино үйренгенін алға тартты. Ал домбыраны музыкалық мектеп арқылы игерген екен.

"Әлі жақсы сурет саламын. Жиналыстарда қарама-қарсы отырған әріптестерімнің сұлбасын салып отыратын кездер болады", -деді ол
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
2
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel