RU
Алматыда ұрланған телефонды алып-сатушы тәртіп сақшысына пышақ сұққан
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда ұрланған телефонды алып-сатушы тәртіп сақшысына пышақ сұққан

Рассказать Вконтакте

Алматыда байланыс құралдары сатылатын жерлерді тексеру кезінде алып-сатарлардың бірі полиция қызметкеріне тап беріп, кеуде тұсына пышақ сұғып алған. Абырой болғанда, оны оқ өтпейтін кеудешесі құтқарып қалған деп хабарлайды КТК арнасы.

Фото:vestikavkaza.ru

Фото:vestikavkaza.ru

Оқиға тәртіп сақшысы алыпсатардың ізінен қуа жөнелгенде болған. Ол ұсталған сәтінде суық қарумен полицейге шабуыл жасаған екен.

Шабуыл жасаған азаматтың көлігі мен сауда нүктесінен 200-ден астам ұрланған телефондар тәркіленген.

Ал Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, ұрланған телефондардың құжатын көрсетіп, өзінің байланыс құралын таныған тұрғындар мүлкін қайтара алады.

"Екі  күн бұрын тағы да осындай тәсілмен нан тапқан азаматтар құрықталды. Олардан 100-ге жуық ұялы телефон тәркіленген. Бұл телефондардың нағыз иелерін анықтауға бағытталған іс-шаралар қолға алынды.
Өз телефонын таныған азамат болса, құжаттары арқылы телефонын қайтарып ала алады", - дейді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel