RU
Алматыда жоғалған жігітті ең жақын досы өлтірген болуы мүмкін
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда жоғалған жігітті ең жақын досы өлтірген болуы мүмкін

Рассказать Вконтакте

Алматы облысы Іле ауданы Чапаев ауылының бес күн бұрын жоғалып кеткен 23 жастағы тұрғыны өлі күйінде табылды. Марқұмды өлтірді деген күдікке оны еріктілермен бірге іздеуге атсалысқан ең жақын досы іліккен деп хабарлайды КТК арнасы.

Фото: КТК арнасы

Фото: КТК арнасы

Ауыл іргесінен табылған марқұмды өлтірді деп күдіктеліп жатқан сыныптасы Евгений бірнеше күннен бері сыр білдірмеген.

Алайда ұлының бір уыс шашы мен қанын, құлаққабын тауып алған Вакилдің әкесі Евгенийдің бір саусағын кесіп, дәкемен орап алғанынан күдіктенген.

Әли Мамедов олардың тай құлындай тебіскен достар екенін айтып, болған жайтқа сенгісі жоқ.

"Женя баламның сыныптасы. Үнемі біздің үйге келіп жүретін. Вакил екеуі бір дастарханнан ас ішті. Ұлым жоғалған күннен бастап күдігім соған түсті. Себебі, қолының бір саусағы кесілген. Дәкемен орап алыпты. Женя қылмысты бір өзі жасаған жоқ. Кінәлі адамдар заңмен қатаң жазалансын", - дейді қаза тапқан жігіттің әкесі Әли Мамедов.

Телеарнаның мәліметінше, күдікті жоғалып кетті деген досын іздеуге атсалысқан, қылмыстың ізін суытып, өз айыбын жасыру үшін оқиға желісін ойдан құрастырған.

Марқұмның досы ұялы телефон сатады. Вакил оған 70 мың теңге берешек көрінеді. Қарызын "4 мамырға дейін төлеймін" деп қолхатта көрсеткен.

Тіпті, Вакил жоғалған күні екі достың өзара жанжалдасқанын сырттай көргендер бар.

Досының айтуынша, Вакил одан 2 мың теңге сұраған. 

Ал ұлына тиесілі заттарды үйінің жертөлесінен тауып, бір жамандықты сезген әке ұлының досынан бекер күдіктенбеген сыңайлы. Қазір ол қамауға алынып, тергеу жүріп жатыр. 

"Қылмысқа қатысы бар деген күдікті Іле ауданы полициясының уақытша ұстау изоляторында қамаққа алынды. Сараптамалар тағайындады. Тергеу ісі облыстық тергеу басқармасының бақылауына алынды", - дейді Алматы облысы ПД ресми өкілі Серік Үпиев.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматы облысында 23 жастағы азаматтың жұмбақ жағдайда жоғалып кеткені жөнінде хабарлаған болатынбыз. Жігіттің туыстары одан екі литр қан аққанын айтқан.

Ал күні кеше Вакли Мамедовтің денесі өз ауылының іргесінен табылды.

Дереккөз КТК арнасы

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel