RU
"$6,6 миллион": Қазақстанда 4 беделді университет сатылымға шығарылды
Жаңалықтар Қоғам

"$6,6 миллион": Қазақстанда 4 беделді университет сатылымға шығарылды

Рассказать Вконтакте

Қазақстанның Қаржы министрлігі еліміздегі беделді төрт жоғары оқу орны мен республикалық мектепті сатылымға шығарды деп хабарлайды аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Sputnik Қазақстан.

Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ. Фото: wikipedia.org

Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ. Фото: wikipedia.org

Сатылатын жоғары оқу орындарының қатарында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті (Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ), Өмірхан Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті (ЖезУ), Алматы энергетика және байланыс университеті (АЭжБУ), Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы (ҚазБСҚА) бар.

Олардың бағасы да белгілі болды.

Ең қымбат білім ордасы – Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы. Оның бастапқы бағасы – 2 миллиард 522 миллион 61 теңге (6,6 миллион доллар). Ал Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ құны – 1 миллиард 711 миллион 278 мың 931 теңгеден басталады (4,5 миллион доллар). Оны сатып алғысы келген азамат 75 миллион 750 мың теңге көлеміндегі (200 мың доллар) бастапқы жарнаны төлеуі қажет.

Сондай-ақ Алматы энергетика және байланыс университеті 1 миллиард 401 миллион 617 мың 89 теңгеге (3,7 миллион доллар), Өмірхан Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті 336 миллион 396 мың 978 теңгеге (889 мың доллар) сатылмақ.

Сондай-ақ, сатылымға шығарылған білім ордаларының арасында су спорты және қолданбалы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі де бар. Мектептің бастапқы бағасы – 331 миллион 60 мың теңге (875 мың доллар).

Айта кетейік, аталған жоғары оқу орындары мен мектеп аукцион арқылы сатылатындықтан, бағалары өзгеруі мүмкін.

Ал сатылым 7 наурызда аукцион әдісі арқылы өтеді. Кім жоғары бағаны ұсынса, сол жеңімпаз болмақ.

Сіздің реакцияңыз
5
0
7
2
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel