RU
БАҚ: Алексей Полторанин Авcтрияда ұсталды
Жаңалықтар Спорт

БАҚ: Алексей Полторанин Авcтрияда ұсталды

Рассказать Вконтакте

Австрияда өтіп жатқан шаңғы жарысында 9 адам допинг пайдаланды деген күдікке ілінді. Оның арасында қазақстандық спортшы Алексей Полторанин де бар деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Алексей Полторанин. Фото:Zakon.kz

Алексей Полторанин. Фото:Zakon.kz

Ұсталған 9 адамның бесеуі спортшы. Олар: Австрия мен Эстонияның төрт спортшысы және қазақстандық бір шаңғышы.

Рейд неміс және австриялық полицияның бастамасымен жүзеге асырылған. Шараның басты мақсаты - халықаралық допингтік желіні анықтау.

Аталмыш акция немістің Эрфурт қаласында да жалғасын тауып, тоғыз үй тінтуге алынған. Эрфуртте екі адам қолға түссе, оның бірі спорт дәрігері.

Басылым мәліметінше, сол күні қазақстандық спортшы Алексей Полторанин әлем чемпионатындағы өз қашықтығына шықпаған.

"Австриялық полицейлер Бальдауф пен Хауке, Полторанин, Веерпалу мен Таммъярв есімді спортшыларды құрықтады. Олардың алғашқы екеуінің есімі расталған. Тағы үшеуі 15 қашықтыққа арналған жарыстың бастапқы хаттамасында болған. Алайда олар шықпай қалды. Ол жерде екі эстониялық, бір- қазақстандық болған", - деп атап өтті поляк журналисі Томаш Калемба.

Ал SSS.fi-ке сілтеме жасаған Vesti.kz анықтауынша, Қазақстан құрамасының көшбасшысы Алексей Полтаранин допингке қарсы ережені бұзғаны үшін қамауға алынған.

Сіздің реакцияңыз
0
1
1
0
1
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel