RU
Қыстың аязына қарамай бидің түбін түсіргендер жұрттың ықыласына бөленді
Жаңалықтар Қоғам

Қыстың аязына қарамай бидің түбін түсіргендер жұрттың ықыласына бөленді

Рассказать Вконтакте

Қыстың аязына қарамай, есік алдында биді жандырған ауыл тұрғындары көпшілікті тәнті етті. Орта жастағы ер адам мен әйелдің видеосы qazaqstanda парақшасында жарияланған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр

Фото: Видеодан кадр

Жердің шаңын шығарып билегендерге ауылдастары қолдау білдіріп тұрған.

Видеодан денелі келген ер мен әйелдің жеңіл қозғалып, әуенге сай билей жөнелгенін байқауға болады.

Ал желі қолданушылары видеодағы кейіпкерлердің көңілді эмоциясымен қуаттанғанын жасырмады.

"Не деген көңіл күй", "Арғы жақтағы қолдау білдіргендердің дауысы да әсер етеді екен", "Мына екі кісі де өте жеңіл қозғалады екен", "Жарайсыздар", "Қандай керемет көрініс".
"Бұрын ауылдағы тойлар осылай өтетін еді", "Палаткада той жасап, осылай билейтін уақыттар кімнің есінде?", "Мына видеодан кейін билегім келіп кетті", "Позитивті эмоция адамға бірден жақсы көңіл-күй сыйлайды екен".
"Жүз жасаңыздар", "Қандай керемет", "Екеуі де бір-бірінен қалысар емес" деп жарыса пікір білдірді желі қолданушылары.

Сіздің реакцияңыз
4
0
0
0
0
20
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel