RU
Аяғын жалаңаштаған Ерке Есмаханды көпшілік жүкті деп болжауда (видео)

Аяғын жалаңаштаған Ерке Есмаханды көпшілік жүкті деп болжауда (видео)

Рассказать Вконтакте

Ерке Есмахан тағы да елдің сынына ұшырады. Бұл жолы көпшілікке шоу-бизнес жұлдызының көйлегі мен ерсі әрекеті жақпай қалған. Оған қоса, желідегілер әншінің іші шығып кеткенін аңғарып, оның жүктілігін болжады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр

Фото: видеодан кадр

Instagram желісіне тарап кеткен видеода Ерке Есмаханның аяғын жалаңаштап тұрған көйлекпен суретке түсіп жатқаны көрініс тапты.

Желідегілер камераны көре сала аяғын көтерген әнші бикештің қылығын ерсі санап, оны аяусыз сынап тастады.

"Жиіркенішті әрі жасанды. Өзіне түк жарасып тұрған жоқ" , "Барған сайын көйлектері де жаман болып барады" , "Жақында тым қысқа киіп шығатын шығар" , "Әбден шошаңдап кеткен" , "Құтырғаны басылмады осы қыздың. Киген көйлегі мен әрекеті мүлде сүйкімсіз" , - деп жазуда көпшілік.

Оған қоса, кейбір оқырмандар видеоға сүйеніп, эстрада жұлдызының жүкті екенін болжады. Тағы бірі Ерке Есмаханды толып кетті деп есептеп, оған артық салмақтан құтылуға қатысты өз ақыл-кеңесін де беріп үлгерген.

Фото: скриншот

Фото: скриншот

Сіздің реакцияңыз
16
2
2
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel