Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Зарина Омарова өзін көпшіліктің ұмытып қалғанын естіп, қапаланып қалды

Опубликовано:

Зарина Омарова осыдан 20 жыл бұрын орындап шыққан "Жан гүлім" әнінің орындаушысы өзі екенін көпшіліктің ұмытып қалғанына қапалы. Әнші он жыл бойы сахнадан тыс қалып, тыңдармандарын жоғалтып алғанын айтуда деп жазады "НТК" арнасының "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Әнші тіпті әніне дер уақытында клип түсірмегеніне өкініп жүргенін де жасырмады.

"Бұл әнді кім айтады деп көбісі сұрайтын. Өйткені бейнебаян жоқ. Тек өзі халықтың арасында, той-томалақта тарап кеткен ән еді. Сол себепті қатты өкініп, "неге түсірмедім сол кезде" деймін.
Осы декреттік демалыстан кейін сахнаға шыққанымда, осы әнге түсіремін деп өз-өзіме айтқанмын", - дейді Зарина Омарова.

Айта кетейік, Зарина Омарова Марат Омаровтың бірінші әйелінен туған қызы. Композитор осы уақытқа дейін үш рет шаңырақ көтерген. Әншінің бүгінде үш әйелінен туған қыздары өнер әлемінде бой көрсетіп жүр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1781123-zarina-omarova-zin-kpsilikti-mytyp-kalganyn-estip-kapalanyp-kaldy/

pixel