RU
Қазақстан Үндістан мен Пәкістан арасындағы жанжалға байланысты мәлімдеме жасады
Жаңалықтар Саясат және экономика

Қазақстан Үндістан мен Пәкістан арасындағы жанжалға байланысты мәлімдеме жасады

Рассказать Вконтакте

Еліміздің Сыртқы істер министрлігі Үндістан мен Пәкістан арасындағы әскери-саяси жағдайдың шиеленісуіне байланысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZNUR.KZ хабарлайды.

Фот: BNews.kz

Фот: BNews.kz

Дипломатиялық ведомствоның хабарламасында Қазақстан Үндістан мен Пәкістан арасындағы әскери-саяси жағдайға байланысты алаңдаушылық білдіретіні айтылған.

"Қазақстан екі ел арасындағы ашық және конструктивті саяси-дипломатиялық диалог қазіргі дағдарыстан шығудың жалғыз тиімді және қолайлы жолы деп санайды.
Қазақстан тараптарды, ең алдымен, ахуалдың одан әрі ушығуын алдын алу үшін аймақтық және жаһандық қауіпсіздіктің негізгі мүдделеріне негізделген барынша сабырлылық пен халықаралық құқық нормаларын сақтауға шақырады", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 27 ақпанда Пәкістан Үндістанның екі әскери ұшағын, ал Үндістан олардың бір ұшағын атып құлатқаны хабарланды.

Осыдан кейін БАҚ Үндістан мен Пәкістан арасында соғыс басталуы мүмкін екенін жазды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel