RU

Air Astana Делиге ұшатын рейстердің барлығын тоқтатты

Air Astana әуекомпаниясы Пәкістан әуе кеңістігінің жабылуына байланысты Дели бағыты бойынша ұшуға жоспарланған барлық рейстердің 2019 жылдың 1 наурызына дейін тоқтатылғанын хабарлады. Бұл туралы тасымалдаушының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ жазады.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Facebook

Баспасөз қызметінің мәліметінше, "Эйр Астана" колл-центрі жолаушыларды тасымалдаудың барлық жолдарын шұғыл түрде қарастыруда. Соның ішінде, форс-мажор жағдайларын реттейтін ИАТА ережелеріне сәйкес басқа әуе тасымалдаушылардың көмегімен тасымалдау да қарастырылуда.

Ал Делиден Алматыға 27 ақпан күні ұшуы тиіс болған КС908 рейсі бүгін ғана көкке көтерілген. Қазіргі уақытта ол Оман Әмірлігіндегі Маскат әуежайына бағыт алып келе жатыр.

Ұшақ Алматығы жергілікті уақыт бойынша 17:22 қонады деп күтуліде.

Еске сала кетейік, 27 ақпанда Пәкістан Үндістанның екі әскери ұшағын, ал Үндістан олардың бір ұшағын атып құлатқаны хабарланды.

Осыдан кейін БАҚ Үндістан мен Пәкістан арасында соғыс басталуы мүмкін екенін жазды.

Бүгін екі ел арасындағы әскери-саяси жағдайға байланысты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі де мәлімдеме жасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1781173-air-astana-delige-satyn-rejsterdi-barlygyn-toktatty.html