RU
Асқар Мырзахметов Тараздағы жарылыстан қаза болған марқұмдардың жаназасына қатысты

Асқар Мырзахметов Тараздағы жарылыстан қаза болған марқұмдардың жаназасына қатысты

Рассказать Вконтакте

Жамбыл облысының әкімі Тараздағы жарылыс салдарынан қаза тапқан марқұмдардың жаназасына қатысты. Асқар Мырзахметов төтенше жағдай құрбандарының туыстарына барып, көңіл айтқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Facebook/birzhan.soktay

Фото: Facebook/birzhan.soktay

Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз хатшысы өзінің Facebook парақшасында мәлімдеген.

"Бүгін облыс әкімі Асқар Мырзахметов Тараз қаласындағы көпқабатты үйде орын алған жарылыстан қайтыс болған Бексұлтан Темірханұлының Жамбыл ауданында тұратын отбасына арнайы барып көңіл айтты. Жаназаға қатысқан Асқар Исабекұлы марқұмның ата-анасы, туған-туыстары мен бауырларына жолығып, қайғылы жағдай барша қазақстандықтардың қабырғасын қайыстырғанын жеткізіп, қазаның арты қайырлы болуын тіледі" , - деп жаған Біржан Сартбек.
Фото: Facebook/birzhan.soktay

Фото: Facebook/birzhan.soktay

Фото: Facebook/birzhan.soktay

Фото: Facebook/birzhan.soktay

Фото: Facebook/birzhan.soktay

Фото: Facebook/birzhan.soktay

Фото: Facebook/birzhan.soktay

Фото: Facebook/birzhan.soktay

Айта кетейік, кеше таңғы сағат 06:21-де Таразда №9 "Мыңбұлақ" ықшам ауданындағы 62-ші үйде жарылыс болып, салдарынан сегіз адам жапа шегіп, оның үшеуі қаза тапқаны анықталды.

Қазіргі таңда, оқиға орнында Елбасының бастамасымен құрылған арнайы зерттеп-зерделеу комиссиясы жұмыс істеп жатыр.

Сіздің реакцияңыз
0
2
0
14
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel