RU
Әпкесінің некесіз туған ұлын балалар үйіне өткізбек болған қыз ерлік жасады

Әпкесінің некесіз туған ұлын балалар үйіне өткізбек болған қыз ерлік жасады

Рассказать Вконтакте

Ақтөбелік бойжеткен туған әпкесінің некесіз туған баласын Қызылордадағы балалар үйіне тапсырмақ болады. Алайда, діттеген жерге жеткенде ару райынан қайтып, баланы Ақтөбеге алып қайтқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: nuz.uz

Көрнекі фото: nuz.uz

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданында көпбалалы отбасында дүниеге келген Мейрамгүл есімді бойжеткеннің аяғы ауыр болып, дүниеге шекесі торсықтай ұл әкеледі.

Некесіз дүниеге келген нәресте анасының бауырларының қолында өседі. Онсыз да тұрмысы төмен отбасыда бала анасының бауырлары жеген тамақты жеп, нағашылары ішкен суды ішіп, ес білетін жасқа келіп қалады.

Күндердің күнінде анасы сүйіктісін тауып, тұрмысқа шығуға бел буады. Барған жері ауқатты болғандықтан, ол тұла бойы тұңғышын сіңлісіне қолқа салып, Қызылордадағы балалар үйіне тапсыруды өтінеді.

Сіңлісі 4-5 жасар баланы алып, Ақтөбеден Қызылордаға жолға шығады. Үйде қалған көп балалы отбасы мүшелері де кішкентай ұлды енді көрмейміз деп ойласа керек.

Алайда араға санаулы күн салғанда сіңлісі Қызылордадан қайтып оралады. Жалғыз оралмайды. Қасында кішкентай баланы ерте келген.

Айтуынша, бауырын тастап кетуге қимаған. Көз жасын ерік берген ару әпкесінің баласын өзі бағатын болып шешкен.

Сіздің реакцияңыз
3
1
0
15
3
41
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel