RU

"Еркек қашан сұраса да, жоқ деме": 100 жастағы әжей келіндерге ақыл айтты

Бір ғасыр өмір сүрген әжейдің жас келіндерге айтқан ақыл-кеңесі желіде тарап, көпшіліктің қызу талқысына түсті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: Facebook

Әжейдің сөзінше, әйел ер азаматтың қас қабағын бағып отырғаны жөн. 

"Күйеуің үйге келгенде, қабағың кіртиіп тұр, шаршап тұрған сияқтысың. Кішкене демалып ал десең болды, ер адам босай береді", - дейді қарт кісі.  

Қарт ана бір жерге бару үшін, ер азаматтан міндетті түрде сұрану керектігін ескертті. 

"Бар десе, барып, жоқ десе, үйде отыру қажет", - деді әжей.

Ол келіндерге күйеулерінің көңілін қалдырмауға кеңес берді.

"Еркек түнде қай уақытта сұраса да , жоқ демеңдер. Ұят та болса айтайын. Оның мейірі қанады, қабағы ашылады. Оларға тамағынан бұрын мамасы жақын. Бұрын "өліп бара жатсың ба, бала жылап жатыр" дейтін ек. Онымыз бекер екен",  – деп сөзін қорытындылады қарт ана. 

Мұны көрген желі оқырмандары әжей айтқан сөздің жаны бар екенін жазып, қарт анаға зор денсаулық тілеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1781187-erkek-kasan-srasa-da-zok-deme-100-zastagy-zej-kelinderge-akyl-ajtty.html