RU
Назарбаев Мысыр президентіне көңіл айтты
Жаңалықтар Саясат және экономика

Назарбаев Мысыр президентіне көңіл айтты

Рассказать Вконтакте

Нұрсұлтан Назарбаев Мысыр Араб Республикасының президенті Әбдел Фаттах Ас-Сисиге көңіл айту жеделхатын жолдады деп хабарлайды Ақорда.

Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: Ақорда

Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Каир қаласының теміржол вокзалындағы жарылыс салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

"Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болғандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін", – делінген жеделхатта.

Еске сала кетейік, Мысыр астанасы Каирде орналасқан ең үлкен темір жол вокзалында пойыз апатқа ұшырап, 25 адамның қаза болғаны хабарланған еді.

Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel