RU
Танымал продюсер Ерке Есмаханның актерлік қабілеті жоқ екенін ашып айтты
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Танымал продюсер Ерке Есмаханның актерлік қабілеті жоқ екенін ашып айтты

Рассказать Вконтакте

Ерке Есмаханның "Махаббат кафесі" фильмінің продюсері әнші қыздың актерлік тәжірибесіздігі жайлы айтып берді. Гүлнұр Мамасарипова атышулы жұлдыздың тырнақалды кинотуындысының не себепті сәтсіздікке ұшырағанын жеткізді деп жазады Gakku арнасындағы "Если честно" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Гүлнұр Мамасарипова Ерке Есмаханның өз фильмінде неге жұлдыз болмағанына қатысты пікір білдірді.

Танымал продюсер аталмыш киноға махаббат сезімі жетіспегенін мойындады.

"Біз ұзақ ойландық қандай кино түсіреміз деп. Асқар Ұзабаев Еркеге бірнеше мәрте кастинг жасап көрді.

Одан кейін Асқар оны отырғызып айтты: "Ерке сен өзіңнің актерлік тәжірибесіздігіңді мойындайсың ғой?" деп айтты. Ерке оны мойындады.

Басқалай жасасақ қалай қарайтынын сұрадық. Ерке ол кезде ештеңе түсініп тұрған жоқ. Ол бәрінен қорқып тұрды. Бірақ шешінген судан тайынбас демекші, түсіру керек. Елге хабарлап қойды" , - деп ағынан жарылды ол.

Оған қоса, Мамасарипова бұл фильмнің сәтті шығуы үшін не жетіспегенін айтты.

"Шындыққа тура қарасақ. Бұл фильмнің кассалық жиналымын шетке ысырып, тек туынды ретінде алсақ. Бұл - өте жоғары кәсіби деңгейде түсірілген фильм. Өзінің жанры, актерлік құрамы да бар. Ол жерде шын айтса махаббат жетіспеді. Оны мен мойындаймын. Оны біз фокус көрсетілім кезінде де ұқтық. Бірақ тым кеш болды" , - деді продюсер.

Сіздің реакцияңыз
3
0
3
0
0
5
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel