RU
Аида Балаева әр балаға тиесілі 21 мың теңге жәрдемақыны кімдер алатынын түсіндірді
Жаңалықтар Қоғам

Аида Балаева әр балаға тиесілі 21 мың теңге жәрдемақыны кімдер алатынын түсіндірді

Рассказать Вконтакте

"Нұр Отан" партиясы саяси кеңесіне жаңадан мүше болып сайланған Қазақстан президенті ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева әр балаға 21 мың теңгеден берілетін мемлекеттік жәрдемақының қалай төленетінін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: bnews.kz

Фото: bnews.kz

Мемлекеттік қызметкер көпшілікті алаңдатқан сұрақтардың анық-қанығын Facebook парақшасында түсіндірген.

Аида Балаеваның айтуынша, әлеуметтік докторинаның негізгі мақсаты - әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды қолдау және олардың әл-ауқатын арттыру.

Сондай-ақ, жаңа атаулы әлеуметтік көмектің жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен төмен азаматтарға көрсетіледі. Яғни көлемі - 14,8 мың теңге немесе күнкөрістің ең төмен деңгейі 50% пайызды құрау керек.

"Мемлекет басшысының тапсырмасымен еліміздегі кедейліктің шегі күнкөрістің ең төмен деңгейі 70 пайызға дейін көтеріледі немесе 20 мың 800 теңге болады. Енді атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтың әр баласына 20 мың 800 теңгеден төленеді", - деп жазды Балаева.

Қазақстан президенті ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі еліміздегі көпбалалы отбасыларға төрт және одан да көп бала тәрбиелеп отырған жанұя жататынын да еске салды.

"Көпбалалы отбасының төрт баласы болса, жәрдемақының көлемі 83 мың теңге болады. Анасы жұмыс істемей үйде отыратын болса, оған да атаулы әлеуметтік көмек беріледі. Сонда бұл отбасының жалпы табысы 103 мың теңге болады", - деп түсіндірді Аида Балаева.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызметкер мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасы мен қамқоршысының жәрдемақысы 30 пайызға артатынын да мәлім етті.

Сіздің реакцияңыз
22
0
2
2
2
8
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel