RU
Қостанайда ұлы дәрігерлер қателігінен көз жұмған азамат жанайқайын айтты
Жаңалықтар Қоғам

Қостанайда ұлы дәрігерлер қателігінен көз жұмған азамат жанайқайын айтты

Рассказать Вконтакте

Ерлан Қалытов Қостанай қалалық ауруханасына осы жылдың 27 қаңтарында түскен. Іш тұсында ауырсыну сезінген 34 жастағы азаматты жедел жәрдем қызметі алып кетіпті деп хабарлайды kstnews.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: kstnews.kz

Фото: kstnews.kz

Ауруханада үш апта емделіп, үйіне шығарылған Ерлан ауруы асқынған соң медициналық мекемеге қайта баруға мәжбүр болады.

Азаматтың әкесі Әлімжан Бекмұхамбетовтің сөзінше, бірден хирургиялық бөлімге жіберілген ұлына екі дәрігер ота жасаған. Науқастың іш- құрылысын тексеру үшін үш тесік жасаған ақ халаттылар ақырында ештеңе таппапты. Алайда, бұл отадан соң азаматтың жағдайы нашарлап, жансақтау бөліміне түскен.

7 ақпан күні Ерланның ата-анасына науқастың бүйрегі жұмысын тоқтатқаны туралы хабар түседі. Алайда, қажетті дәріні жеткіземіз деген әке-шешесі екі сағаттан соң Ерланның көз жұмғанын естіпті.

"Патологанатом қорытындысын алдым. Онда өлімнің бірнеше себебі- уыттану, шексіз перитонит, панкреатит, панкреонекроз көрсетілген. Үш тесік жасаған дәрігерлер қалайша ештеңе көрмеген? Бұл дәрігерлердің қателігі деп ойлаймын", -деді марқұмның әкесі.

Ерлан Қалытов ауруханада жатқанда бас дәрігер болған Самат Шүменбаев бұл оқиғаға қатысты пікір білдіруден бас тартты.

"Бұл жағдайға қатысты пікір білдірмеймін. Иә, ол қайтыс болғанда бас дәрігер мен болдым. Бірақ, қазір мен емеспін. Қазір арнайы комиссия құрылып, тексеру жүріп жатыр", -деді ол.

Сіздің реакцияңыз
0
0
6
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel