RU

Павлодарда бір бөтелке коньяк ішкен шенеуніктердің басы бәлеге қалды

Павлодарда жаңа жыл қарсаңында жұмыс орнында алкогольды сусын тұтынған шенеуніктердің басы дауға қалды деп хабарлайды pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: SakhaDay
Көрнекі сурет: SakhaDay: Facebook

Павлодар облысының орман және аң шаруашылығы аумақтық инспекциясының басшысы Қазбек Әметовтың тәртіптік жауапкершілігін жоғары орган - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің орман және жануарлар комитеті анықтайды.

Мұндай шешімге мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаментінде өткізілген этика жөніндегі кеңесте келді.

Мемлекеттік қызметкерлердің сыйлықтарын беру немесе алу фактілерін анықтау мақсатымен мониторинг жүргізу барысында жаңа жыл қарсаңында аумақтық инспекцияның екі бас маманының жұмыс уақытында кеңседе коньяк ішкені анықталған.

Мерекелік кештің осы сәті әлеуметтік желілерде пайда болыпты.

Екі мемлекеттік қызметші сөгіс алды.

Облыстық этикет кеңесі мүшелері видеоны көріп шыққан.

"Бұл оқиға мемлекеттік органдардың да, тұтастай алғанда Павлодар облысының имиджіне кері әсерін тигізді, бұл азаматтардың әрекеті мемлекеттік қызметке деген сенімінің деңгейін төмендетуге алып келді", - деді кеңес.

Осы жағдайға байланысты Қазбек Әметовтың жетекшісін шақырғанымен, оның орнына орынбасары Қайрат Әбілбаев жауап берді.

Қайрат Әбілбаев аумақтық инспекция өзінің ресми тергеуін өткізіп, қызметкерлердің жұмыс орнында алкогольді сусынды ішпегені дәлелденгенін жеткізді.

Осыған байланысты тиісті құжаттарды жогарғы органға жіберіп, тиісті жауап күтіп отырғандарын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1781213-pavlodarda-bir-btelke-konak-isken-seneunikterdi-basy-blege-kaldy.html