RU
Көпбалалы жанұяларға жалдамалы пәтерлер мамыр айынан бастап беріледі
Жаңалықтар Қоғам

Көпбалалы жанұяларға жалдамалы пәтерлер мамыр айынан бастап беріледі

Рассказать Вконтакте

Қазақстанда аз қамтылған көпбалалы жанұяларға алғашқы жалдамалы пәтерлер 2019 жылдың мамыр айынан бастап беріледі. Мұндай тұрғын үйге үміткер болу үшін жанұяның табысы ең төменгі жалақы мөлшері- 42500 теңге болу қажет деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: womenknow.ru

Көрнекі фото: womenknow.ru

Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр айтты.

Мемлекетте 2025 жылға дейін 40 мың жалдамалы пәтер салынбақ. Бұл елдегі көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың сұрақтарын толығымен шешуге мүмкіндік береді.

"Осы жылдың мамыр айында біз көпбалалы жанұяларға жалдамалы пәтер беруді бастаймыз", -деді Скляр.

Аз қамтылған және көпбалалы жанұяларға қатысты қабылданған тағы бір шешім ипотеканың екі пайызбен ғана берілуі болды.

"Айлық табысы ең төменгі жалақы мөлшері-42500 теңгеден төмен аз қамтылған отбасыларға ТҚЖБ арқылы 20 жылға жылдық 2 пайызбен жеңілдікті несие беру жүйесін енгіземіз. Алғашқы салым 10 пайызды құрайды", -деді министр.

Бұл несиеге кімдер қол жеткізеді:

-Төрт немесе одан көп баласы бар жанұялар;

-Мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған жанұялар;

-Кәмелеттік жасқа толмаған баласы бар толық емес отбасылар.

Жеңілдікті несиелерге мемлекет бюджетінен үш жылда 50 млрд теңгеден бөлінеді.

Сіздің реакцияңыз
6
0
0
1
6
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel