RU

Ақтөбеде жихад туралы әңгіме айтқан екі күзетші жігіт сотталып тынды

Ақтөбеде құрылыс мекемесінің екі бірдей күзетшісі жихадты насихаттаған. Олар әріптестеріне ислам мемлекетіне қатысты тыйым салынған әңгімелер айтқаны үшін айыпты деп танылып, бас бостандықтарынан айырылды деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

ввввв
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Сот шешімімен 32 жастағы Азамат Баймурзин 7 жылға түрмеге тоғылып, жазасын қауіпсіздігі орташа оқшаулау мекемесінде өткізеді.

Ал 27 жастағы Қуанышбек Жайлаубаев бұл қылмысты қайталап жасағаны үшін 8 жылға бас бостандығынан айрылды. Ол мерзімін қауіпсіздігі жоғары мекемеде өткізеді.

Терроризмді насихаттау, терроризм актісін жасауға жария түрде шақырды деп айыпталған екі күзетші де соңғы сөздерінде өкінетіндерін айтты.   

"Менің біреуді өлтіру, бір жерді жару деген ойым болмады. Осы істің қозғалғанына 6 ай болды. Аз күйзеліс болған жоқ.

Осындай қиындық туғызғаным үшін бірінші ата-анамнан, сізден кешірім сұраймын. Айтқан сөздеріме өкінемін.

Бізге ҚР ҚК-нің 55 бабын қолдануыңызды сұраймын. Мен адамдарды алалаған жоқпын.

Намаз оқитындарды да, оқымайтындармен де қатынасым жақсы болды. Осылай болып қалды және осылай сотталып жатырмын", - деді Азамат Баймурзин.

Істі болған екі күзетшінің де отбасылары жоқ. Сотқа қатысқан екеуінің де аналары жылап отырды.

"Балам үйленейін деп талаптанып жүргенінде осындай болды. Балам да намаз оқиды. «Үйленемін» деп қызбен кездесіп жүрді",- дейді Жайлаубаевтың анасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1781241-aktbede-zihad-turaly-gime-ajtkan-eki-kzetsi-zigit-sottalyp-tyndy.html